Халқымыз «Ас адамның – арқауы» деп бекер айтпаса керек. Әсіресе, өндірісте жүріп еңбек ететін адамның бойындағы күш-қуатына сеп болар құнарлы тағам мен жайлы асхана еңбеккерлердің жұмысқа деген ынтасын арттырары сөзсіз.
Осы тұрғыда «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өндіріс ошақтарындағы асханаларды заманауи үлгіде қайта жасақтауда «Ютария LTD» ЖШС Жезқазған, Сәтбаев, тіпті Қарағанды өңірлерінде де ауқымды шаруаларды жүзеге асыруда. Жақында «Ютария LTD» ЖШС еңбеккерлерінің күшімен «ҚазақмысМэйнтенансСервисиз» ЖШС кен, шахта жабдықтары зауытының асханасын қайта жаңғыртып, іске қосты. Күрделіжөндеуденөткенасхана заманауи үлгіде жаңарып қана қоймай, еңбеккерлерге тәтті де тіл үйірер тағамдарын да ұсынады. 120 адамға арналған асхана күніне 500 адам қабылдауға қауқарлы.
«Ютария LTD» ЖШС директоры Тұрсынай Ибадатованың айтуынша, асхананың электр желілері, кәріздік құбырлары толығымен жаңартылған. Бұған дейін «Ютария LTD» ЖШС еңбеккерлерінің күшімен «Қазақмыс» корпорациясының бірқатар кеніштеріндегі асханалар жаңартылды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.