Дүйсенбі, 23 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс»

Кен жиегін кеңіткендер

29.08.2025
- «Қазақмыс», Жаңалықтар
0
Кен жиегін кеңіткендер
82
БӨЛІСТІ
229
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Алпыс жылға таяу өндірісті өңірлерде шахта құрылысын салу, оның алғашқы бұрғылау жұмыстарын жүзеге асыру міндетін атқарып келе жатқан Ғазиз Омаров атындағы шахта-проходкалау тресінің бүгінде атқарар істерінің ауқымы кең.

Жезқазған, Қарағанды, Балқаш, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарындағы шахталарда тың жерге түрен салған трестің ірі құрылымының бірі Қарағанды облысының аумағындағы «Қазақмыс» корпорациясының құрамындағы Нұрқазған кенішінде күрделі құрылыс пен кен қабаттарын үңгілеу жұмыстарын қатар атқарып келеді. Қайыржан Елеусізов басшылық жасайтын № 27 күрделі тау-кен учаскесінің ұжымы өздеріне жүктелген міндетті орындауда көшбасында. Кеніш пен трест учаскесінің жұмысы қатар өріліп жатқандықтан бұл ұжымда да тоқтаусыз үдеріс жүзеге асады.

Кенші күні қарсаңында трестегі «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Болат Смағұловпен бірге шалғайдағы учаскенің бүгінгі тыныс-тіршілігіне көз жеткізіп қайтқан болатынбыз. Кен жиегін кеңіткен майталмандар мерекеге табыспен жетіп отыр.

Социалистік Еңбек Ері, тау-кен саласының білікті инженері Ғазиз Омаровтың атын иеленген шахтапроходкалау тресі бүгінгі күні қанатын кеңге жайып, өндірістік алаңдарда учаскелері жұмыс істеуде. Солардың қатарында – Нұрқазған кенішіндегі № 27 күрделі тау-кен учаскесі бар.

Нұрқазғандағы кен өндірудің көлемі жыл сайын арта түсуде. Соның нәтижесінде трестің аталған учаскесінің жұмыс көлемі де ұлғаюда. Қайыржан Елеусізовтің басшылығындағы учаске өздеріне берілген жоспарды орындауда нәтиже көрсетіп отыр.

Шахта салу, кен бұрғылау ісінің білікті мамандары топтасқан учаскеде жерасты өздігінен жүретін техниканы тізгіндеген Қайсар Искаковпен жолықтық.

Қайсар Искаков

Қайсар Саматұлының негізгі міндеті – кен тасымалын қауіпсіз жүзеге асыру. Ол ауысымда кемінде 10 рейстен кен тасымалдау жоспарын орындайды. Қайсар Искаков трестің бұл телімде әуелі сорғы қондырғысының машинисі болды. Кейін жерасты өздігінен жүретін техниканың тізгінін ұстады.

– Бұл учаскеге 2011 жылы жұмысқа орналастым. Шахтаның аты шахта ғой, басында қорқыныш болды. Әрбір берілген тапсырманы қауіпсіз орындауға дағдыландым. Жұмысқа кірісер алдында сақтық шараларын күшейтіп, орындауға аса мән бердім. Бірте-бірте тәжірибе қалыптасты. Ұжымның ұйымшылдығы ұнады. Ауызбіршілік пен түсіністік болған жерде адамның еңбек етуге ынтасы да арта түседі. Ұлан батеков, Дәулет, Жасұлан қырғызалин сынды тәлімгерлерімнің арқасында тәжірибе жинақтадым. Тау-кен саласы қауіп-қатері көп болғанымен, белгіленген қауіпсіздік ережелерін ескерсе, табысты еңбек етуге мүмкіндік мол. Бізден кейін ізімізді жалғап келіп жатқан жастарға өндірісте ең бастысы қауіпсіздік екенін ескертіп отырамын. Біз де осындай мектептен өттік, шыңдалдық. Енді жастарды баулып жатырмыз, – деді Қайсар Саматұлы.

Учаскенің озат жұмысшысы Қайсар Искаковтің ұлттық спортқа деген ынтасы да ерекше. Ол қазақша күресті бала кезден серік етіпті. Жеткен жетістіктері де көңіл қуантады. Кеніш пен корпорация көлемінде ұйымдастырылған жарыстарда топ жарып жүр. Шыңырауда жүрсе де шымырлықтың басты кілті – спорт екендігін естен шығармайтын Қайсар Саматұлының салауатты өмір салтын насихаттаудағы ісі көпке үлгі.

 

Аталған учаскеде үңгілеуші болып еңбек етіп жүргеніне 18 жыл толатын Мәди Сағындық 2006 жылы Шығыс Жезқазған кенішінің құрамындағы № 55 шахтасында еңбек жолын бастады.

Мәди Сағындық

Арада бір жыл өткен соң Қарағандыда бой көтеріп жатқан Нұрқазған кенішіне бет алды. Алғашында бұл таңдауым қалай болар екен деген күдік тұрды. Енді ғана құрылысы басталған шахтаның әріқарайғы тағдырына сенім артып, нар тәуекелмен Қарағандыға келді. Мәди Алтайұлының сенімі ақталды. Ол кеніш құрылысынан бастап, бүгінгі жеткен жетістігіне толық куә болды.

– 2007 жылы үңгілеу учаскесіне келдім. Ол кезде бір ғана учаске болатын. Ақыл Аяшов деген жігіт бізге басшылық етті. Тыңға түрен салушылардың алғашқы легі біз болдық. Бастапқы кезеңдерде көп қиындықтар болды. Дегенмен, үңгілеу жұмыстары сәтті басталды. Нәтиже көрінді. Нұрқазған кеніші алғашқы кен көзін ашты. Жоспар бірте-бірте орындала бастады. Мен бір жылдан соң, трестің учаскесіне ауыстым. Қазір «Мономатик» бұрғылау техникасындамын. Ауысымда 1 забойды бұрғылап шығамыз. Айлық жоспарымыз – 180 қума метр. Ұжымның ауызбіршілігінің арқасында жоспарды ай сайын орындап келеміз, – деді Мәди Алтайұлы.

Озат маманның өндірістегі қалыптасқан тәжірибесі жастар үшін мектепке айналды. Қазір Мәди Сағындық өз кәсібіне жастарды баулуда.

 

Алдыңғы аға буынның ісін лайықты жалғастырып, үлкен мектептен тәжірибе шыңдаған Рахат Байкеновтің мұнда еңбек еткеніне 8 жыл толыпты. 2017 жылы бетоншы болып жұмысқа қабылданған Рахат Мұратұлы бүгінде аталған учаскенің кен мастері.

Рахат Байкенов

Рахат Байкеновтің мұндай жолдан өтуіне учаскенің сол кездегі басшысы, «Кенші даңқы» төсбелгісінің толық иегері Жеңіс Бимендиннің, қазіргі басшы Қайыржан Елеусізовтің ықпалы көп болды.

Қарағанды политехникалық институтын тау-кен ісі бойынша тәмамдаған Рахат Мұратұлы 2020 жылдан бері басшылықтың ұйғарымымен кен мастері қызметін атқаруда.

– Тау-кен саласын таңдаған сәтімде қарапайым еңбек жолынан өтіп, тәжірибе жинақтау басты мақсатым болды. Осы ойымның орайы келіп, мен тау-кен ісінің білікті мамандарының тәлімінде шыңдалдым. Әсіресе, Жеңіс Бимендин, Қайыржан Елеусізовтің тәлімі маған үлкен мектеп болды. Еңбек ете жүріп, мамандығыма сай дипломымды да алдым. «Әрекетке – берекет» деген осы шығар, еңбек жолымда сатылай өсіп келемін. Менің негізгі міндетім – өндірістік қауіпсіздікті сақтауға баса көңіл бөлу, ауысымда еңбек жағдайын бақылап, жұмысты ұйымдастыру. Өндіріс болғандықтан кез-келген сәтте қиындықтар туындауы мүмкін. Соны дер кезінде шешуге бағытталған іс-шараларды жүргіземін. Бір учаскеде еңбек етіп жүрген учаске басшысының орынбасары Асқар Ахметов, кен шебері Берікбол Мұратұлының іскерліктері өндіріс барысындағы мәселелерді уақытылы шешуімізге себеп. Қазір учаскеде 90 адам жұмыс істейді. Жастардың қатары басым. Аға буынның ісін біздің толқын жалғастыруда, – деді Рахат Байкенов.

Тыңға түрен салып, кен жиегін кеңіткен Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкеалау тресінің Нұрқазғандағы № 27 күрделі тау-кен учаскесі межелі міндетті орындауда мүдірмей келеді. Кеніштің өндірістік үдерісімен жұмысы астасып жатқан учаске жыл соңына дейін табысты тасқындатуға сүбелі үлес қосуға бекінген.

Бөлісу33Твитерге21

Көп қаралған

  • Өрт қауіпсіздігі – әркімнің жауапкершілігі

    Өрт қауіпсіздігі – әркімнің жауапкершілігі

    83 бөлісті
    Бөлісу 33 Твитерге 21
  • ТЕМІРДІ ТӨЗІММЕН ТҮЛЕТКЕН

    146 бөлісті
    Бөлісу 58 Твитерге 37
  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1748 бөлісті
    Бөлісу 699 Твитерге 437
  • САЛЫҚ, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Бұланты шайқасы» – қазақ халқын ұлт ретінде сақтап қалған тарихи жеңіс

    117 бөлісті
    Бөлісу 47 Твитерге 29
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
imunify-bot-check