«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Гүлнәзия Тәжібаева қаржы саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сый-құрмет білдірді.
Өндірістік бірлестіктің экономикалық жоспарлау бөлімі мамандарының қаржы саласындағы қажырлы еңбектеріне алғысын арнаған Гүлнәзия Қабыкенқызы бір топ майталманға кәсіподақ тарапынан марапат табыстады. – Қаржы ісі ерекше әзірлікті, жоғары білімді, өмірлік тәжірибені, кәсіби өсімді, тың жаңалықты игерудегі басымдықты, шынайылықты қажет етеді. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесінде, біздің өндіріс ошақтары жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді, – деді төраға. Кәсіподақтың өздеріне деген сый-құрметіне бірлестіктің Қаржы директоры Бауыржан Ахметов ыстық ықыласын білдірді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.