Жұма, 9 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Бала тілін тапқан жаңа туынды

Жаңа кітап

11.11.2022
- Жаңалықтар
0
Бала тілін тапқан жаңа туынды
72
БӨЛІСТІ
200
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қазақ балалар әдебиетінде тың туынды, мазмұн мен тәлім-тәрбиеге толы дүние жазып жүргендердің қатарында жерлесіміз, өндіріс озаты Ернұр Сейдахметтің  туындылары өз оқырмандарының көңілінен шығып, оң бағасын алып келеді. 

Республикалық, халықаралық әдеби байқаулардың жеңімпазы атанған Ернұрдың балаларға арналған «Қашан үлкен боламын?», «Тентке доп». «Күлші, кәне, балақай!» кітаптары өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке,  адалдықққа, білімпаз болуға  үндейді.  Ернұр ізденімпаз әрі бала көңіліндегіні тап басып жазатын қабілетке ие ақын. Сол ізденімпаздығы мен қазіргі заман баласына қандай мазмұндағы шығармалар қажеттігін саралай келіп, жақында тағы бір туындысын жарыққа шығарды.

Алматы қаласындағы «Алматы-болашақ» АҚ баспасынан  балаларға жол тартқан   «Жалқау құмырсқа» кітабы төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ақынның балаларға арналған өлеңдер топтамасы енгізілсе, екінші бөлімде ертегілер, үшінші бөлімде жұмбақтар, ал, төртінші бөлімді аудармалар қамтыған.

Ернұр Сейдахметтің жаңа туындысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және  өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату,  қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарыққа шықты.

Сондай-ақ оқыңыз

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025

Бала тілін тапқан жаңа кітаптың авторы Ернұр Сейдахмет қазіргі таңда Жезқазған мыс қорыту зауытындағы  күкірт қышқылы цехында механик болып еңбек етуде. Жұмыстан бос уақытта шығармашылыққа ден қоятын балалар ақыны алда талай тың туындысымен кішкентай оқырмандарын қуантпақ.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

 

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді

04.05.2025
Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

Ірі сауда желілеріндегі ассортименттің 60%-ы отандық тауар

04.05.2025
​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

​Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті: бизнеске арналған цифрлы сервистің жоғары деңгейі

04.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру