Араға он үш жыл салып мемлекетті мереке дәрежесінде тойланған Республика күнінде Ұлытау облысының дамуына қосқан үлестері үшін әр саланың майталмандары марапатқа ие болды.
Облыс орталығы – Жезқазған қаласындағы халқытар достығы мен мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында аймақтағы БАҚ саласында еңбегі ерен ардагер журналист, «Мысты өңір» газетінің тілшісі Амандық Рахұлы «Құрмет» орденімен марапаталды.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының лауреаты Амандық Рахұлы өндірістік басылымның бірнеше жыл бұйдасын ұстап, мазмұнды да мағыналы шығуына атсалысты. Қолынан қаламы түспеген аймақ ақпаратының ардагері бұл мемлекеттік марапатты өзінің ғана емес «Мысты өңірдің» де абыройы деп бағалайды.
– Қолына қалам ұстап, журналистиканың қыр-сырына қаныққан талай әріптестер осы өндірістік басылымнан қанаттанды. Менің де еңбегім сіңген «Мысты өңір» газетінің орден алуымдағы үлесі қомақты. Сондықтан мен үшін «Мысты өңірдің» орны әрқашан бөлек, – ағынан жарылды ардагер журналист.
Амандық Рахұлының баспа бетінде жарық көріп жүрген ел мен аймақұа қатысты өзект мәселелерді қозғауы арқылы билік пен үкіметтің назарын аудартып жүрген қалам иесі. Амандық Рахұлының салаға сіңірген еңбегіне берілген «Құрмет» ордені Ұлытау облысында қалам тербеп жүрген тілшілер қауымына үлкен ынта мен шабыт сыйлаған жасырын емес. Мәртебеңіз асқақтасын, ардагер!
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.