Жақында Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазақстандықтарға ел экономикасында озық позицияларды иеленетін тиімді және әлеуметтік жауапты бизнес қажет. Мұндай компаниялардың қатарына «Қазақмыс» жатады. Компания үшін әлеуметтік мәселелерге ерекше мән беру басты қағидаға айналған. «Қазақмыстың» әлеуметтік жауапкершілігінің басым бағыттарының бірі – Еңбек кодексінің шеңберінде өз қызметкерлеріне қамқорлық жасау. Мыс алыбы өз жұмысшыларының алдында қандай қосымша әлеуметтік міндеттемелерді мойнына алды. Бұл туралы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей ГАЙДИН республикалық БАҚ-қа берген сұхбатында айтып берді.
– Көптеген қызметкерлер үшін ең өзекті мәселе – жалақы мәселесі. «Қазақмыс» жаңа жылдан бастап жалақыны өсіруді жоспарлап отыр ма?
– Компанияның бүкіл қызметі барысында қызметкерлердің барлық санаттарының жалақысының тұрақты өсуі байқалады. Атап айтқанда, соңғы үш жылда жалақының өсу деңгейі: 2020 жылы – 13,7%, 2021 жылы – 20,5%, 2022 жылы – 33% құрады. Біз қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тұрақты негізде мониторинг жүргіземіз, азық-түлік өнімдері, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер нарығын талдаймыз, қызметкерлеріміздің жалақы деңгейін республиканың басқа тау-кен компанияларымен салыстырамыз. Желтоқсан айына дейін жұмысшыларға 2023 жылға арналған жалақының өсу пайызы жарияланады.
– Жалақыны үнемі көтеруден басқа, компанияда қызметкерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тағы қандай әлеуметтік жауапкершілік шаралары қарастырылған?
– Біздің қызметкерлеріміздің өмірін жақсартуға және жайлы етуге бағытталған әлеуметтік бағдарламалар үнемі енгізіліп отырады. Мәселен, бағдарламаны іске асырудың үш жылында «Қазақмыс» тобы компаниялары қызметкерлерінің көп балалы отбасыларына 3,8 млрд. теңге сомасына 186 төрт бөлмелі пәтер сыйға берілді. Әрі біз оларды жиһазбен және тұрмыстық техникамен алдын-ала жабдықтадық.Осы жылдың басынан бастап ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеуде жұмыскерлерге тұрғын үй сатып алудың және өтеусіз берудің жаңа бағдарламасы жұмыс істейді. Балаларды қорғау күні «Қазақмыс» осындай 35 отбасына пәтер кілтін сыйға тартты. Жыл соңына дейін тағы 53 тұрғын үй иелері баспаналы болады. Әлеуметтік осал қызметкерлердің осы санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 2022 жылы 2,7 млрд.теңге бөлінді.
– Ал компания өз қызметкерлерінің денсаулығын қорғау үшін не істейді?
– «Қазақмыста» біздің қызметкерлеріміз бен отбасы мүшелерін ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасы іске қосылды. Ол 1 тамызда жұмыс істеді және «Қазақмыс» сақтандыру компаниясымен бірлесіп іске асырылуда. Әзірге бағдарламаның пилоттық нұсқасы тек зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылар үшін қол жетімді, отбасы мүшелерін жасына және санына шектеусіз бекіту мүмкіндігі бар. ЕМС шеңберінде қызметкерлердің отбасыларына шұғыл медициналық көмек, амбулаториялық және стационарлық емдеу, стоматологиялық қызмет көрсету, отбасылық дәрігердің үйге баруы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сияқты медициналық қызметтер тегін ұсынылады. ЕМС бағдарламасы енгізілген сәттен бастап алғашқы бір жарым айда 3,5 мыңнан астам адам медициналық қызметке жүгінді. Сондай-ақ, біз Жезқазған қаласында «Ассистанс» клиникасын ашамыз. Қазір «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС жанындағы Сәтбаев қаласындағы клиниканың тағы бір филиалын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өз кезегінде, медициналық сақтандыру қызметтері Қазақстанның барлық аумағында «Ассистанс» клиникалары мен оның серіктестік желісі базасында көрсетіледі. Тәулік бойы «Архимед Қазақстан» Callорталығы 9080 нөмірі бойынша жұмыс істейді, ол медициналық қызмет көрсетудің барлық мәселелері бойынша кеңес береді. Ерікті медициналық сақтандыру қызметкерлердің жа лақысынан ұстап қалуды көздемейтінін тағы да атап өткім келеді, «Қазақмыс» барлық шығындарды өзіне алады. Қызметкерлерді сауықтырумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Қазақмыс» жыл сайын спорттық-сауықтыру орталықтарымен шарт жасасады. Қызметкерлер футбол, жүзу, коньки тебу, волейбол және т.б. секцияларға тегін қатыса алады. Қосымша қызметкерлердің өтініші бойынша «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС қызметкерлерінің балаларына арналған «Таэквондо» мектебінің спорт секциясына баруға шарт жасалды. Сонымен қатар, кәсіби ауруы бар жұмысшылар доктор Бубновский орталығында кинезитерапия әдістемесімен сауығып кете алады.
– Компания қызметкерлердің демалысын ұйымдастыруға пейілді ме? Олай болса, ол қандай жолмен жүзеге асады?
– Биылғы жылы «Қазақмыс» барлық қызметкерлерге еңбек демалысы кезінде жылына бір рет Қазақстанның кез келген санаторий-курорттық ұйымына баруға және денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін санаторий-курорттық емдеуге арналған шығындарды өтеудің жаңартылған бағдарламасын іске қосты. Жолдама құны 125000 теңгеге дейін өтеледі. Жаздың үш айында бұл бағдарламаны 600-ден астам қызметкер пайдаланды, салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді ескере отырып, 47,5 млн. теңге өтелді. Жұмысшылардың балалары да назардан тыс қалмайды. 2021-2022 оқу жылының жазғы демалысында 1,5 мыңға жуық бала «Эдельвейс Бурабай» балалар сауықтыру орталықтарының бірінде демалысын өткізді. Бұл ретте ата-аналар 117600 теңгенің жалпы құнынан 10% төледі, компания қалған барлық шығындарды өз мойнына алды.
– Компания қызметкерлеріне қосымша жеңілдіктер бар ма?
– 2020 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан аз қамтылған қызметкерлерге атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасының барын атап өткім келеді. Компаниядағы бұл санатқа шартты күнкөріс деңгейі корпорацияның 1.7 коэффициентіне және отбасының әрбір мүшесіне көбейтілген күнкөріс минимумынан аз немесе оған тең адамдар жатады. Атаулы әлеуметтік көмек тіркелген төлемдердің екі түрінен тұрады, олардың бірі тоқсан сайын, екіншісі біржолғы. Тоқсан сайын компания қызметкерлеріне негізгі азық-түлік себетін сатып алуға 75 мың теңге мөлшерінде жалақыға белгіленген сома төленеді. 75 мың теңге – бұл қызметкерлерге бюджетке төленетін міндетті төлемдерді шегергенде төленетін сома, оның төлемін қайтадан «Қазақмыс» өзіне алады. 56,5 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем мектеп жасындағы балалары бар қызметкерлерге қатысты. Қаражат баланы мектепке дайындауға, кем дегенде бір баланың негізгі киімдері мен кеңсе тауарларын сатып алуға арналған. 2021 жылы бір мыңнан астам аз қамтылған отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.
– Компания қызметкерлері үшін денсаулықты дамыту және нығайту, корпоративтік рухты арттыру, ұжымдағы еңбек және әлеуметтік қатынастарды жақсарту үшін барлық жағдайлар жасалып жатқаны анық. Ал өндірістік жарақаттар, кәсіптік аурулар алған қызметкерлер қандай қолдауға арқа сүйей алады?
– Өндірісте қаза тапқан отбасылардың, еңбек жарақаты мен кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектердің тілектері ерекше бақылауда деп сеніммен айта аламын. Еңбекке жарамсыздығы бойынша төлемдерді жыл сайын индекстеу жүзеге асырылады. Санаторий-курорттық емдеуге, дәрілік препараттарды сатып алуға, арнайы тамақтануға, протездеуге және т.б. шығындарды төлеу түрінде қосымша көмек түрлері көрсетіледі. Тек 2021 жылы 700-ге жуық мүгедек қосымша көмек алды. Өндірісте қаза тапқандардың отбасы мен мүгедектер талап ете алатын жеке әлеуметтік жеңілдіктер жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында жасалған ұжымдық шартта көрсетілген. Өмір сүру деңгейінің қымбаттауын назарға ала отырып, 2022 жылдың сәуір айынан бастап компания басшылығы жұмыс істемейтін мүгедектерге, сондай-ақ, асыраушыларынан айырылған адамдарға ай сайын 36 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Сәуірден тамызға дейін 3 мыңнан астам адамға материалдық көмек көрсетілді. Осы санаттағы адамдардың тілектерін ескере отырып, бүгінгі таңда мүгедектер мен асыраушысынан айырылған адамдарға атаулы-әлеуметтік көмек бағдарламасын тарату тетігі қарастырылуда. Осылайша, ай сайынғы табысы төмен отбасылар компаниядан тоқсан сайынғы материалдық көмек алады. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын сақтау және осы санаттағы азаматтар мен олардың балаларының өмір сүру сапасын жақсарту үшін жаңа жылдан бастап спорт секцияларына тегін бару мүмкіндігі беріледі. Қызметкерлердің өмір сүру сапасын жақсарту – «Қазақмыс» компаниясы басшылығының басты міндеті екенін тағы да атап өткім келеді.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.