Әлеуметтік серіктес аясында жұмыс жасайтын «АдалЕңбек» ЖШС-нде бір кездері жеті қат жер астында еңбек көрігін қыздырған кеншілер қауымы қаланы абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысуда.
«Жеңіл еңбек» жағдайы деген мұндағы шаруашылықтың да өз жауапкершілігі, белгіленген жұмыс ауқымы бар. Осыны жете түсіне білетін байырғы кеншілеріміз туған қаламыздың көркіне көрік қосар жұмыстарға белсене атсалысуда. Кеншілер мерекесінде кәсіпорындағы «КәсіпҚорған» кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұхтар Исахов бір топ еңбек озатын құттықтап, марапат тапсырды.
– Байырғы кеншілер бүгінгі күні кәсіпорынның шаруашылығын дөңгелетіп қана қоймай, шаһарымыздың шырайына шырай қосып, таза қала үшін үлес қосуда. Еңбек озаттарына деген бұл құрмет олардың мерейін асырары сөзсіз, – дейді комитет төрағасы Мұхтар Исахов.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.