Бейсенбі, 5 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Байқауда бағы жанғандар

02.09.2022
- Кәсіподақ тынысы, Топжарған
0
Байқауда бағы жанғандар
102
БӨЛІСТІ
284
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Білім шыңдау, тәжірибені нығайту сынды қағидаттар өндірісте де еңбеккердің басы талабына айналып отыр. «Қазақмыс» корпорациясының түрлі құрылымдарында еңбек ететін  жұмысшылардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында түрлі кәсіби байқаулар өтіп келеді. 

Міне, сондай  байқау Байытушылар күні қарсаңында №1,2,3 Жезқазған байыту фабрикасында  ұйымдастырылып,  жеңіпмаздары анықталды. «Үздік маман» байқауы фабрикадағы Консультативті-кеңесші органның төрағасы, өндіріс орнының директоры Мұрат Бөрібаевтың қолдауымен көрініс тапты.  Кәсіби тұрғыдан еңбеккерлерді шыңдауды көздеген байқау Консультативті-кеңесші органмен оның жанынан құрылған Бригадирлер кеңесі, фабрикадағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті  ұйытқы болды.

Диірмен машинисі, конвейер машинисі, флотатор, елекші, слесарь, электрмонтер, кептіруші, темір жонушы,  электр, газбен  дәнекерлеуші мамандар теориялық, практикалық сындарда білімі мен тәжірибесін сынға салды. Үш кезеңде өткен байқаудың барысында қатысушылар  өндірістік бағыттағы сұрақтарға жауап берсе,  екінші кезеңде  байқау шарты бойынша  атқарып жүрген жұмыстары бойынша  тапсырмалар орындады. Ал,  байқаудың үшінші шарты бойынша жұмыстан тыс уақытта отбасымен бірге шаңырақтың татулығын, ауызбіршілігін, өздеріне тән отбасы мүшелерінің салауатты өмір салтын насихаттаудағы игі істерін насихаттайтын  бейнеролик түсірді.

Байытушылар мерекесінде әр сала бойынша үздік деп танылғандар ұйымдастырушылар атынан марапатқа ие болды.  Жеңімпаздарды ұлықтау салтанатына  фабрикадағы Бригадирлер кеңесінің төрағасы Сергей Погорелов, «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Майра Әлбаттина  қатысып, «Үздік маман» байқауында топжарғандарды жеңістерімен құттықтады. Шараға фабриканың бас инженері Елдос Тоқтасынов арнайы қатысты.

Сондай-ақ оқыңыз

Ел үшін туған азамат

Ел үшін туған азамат

25.04.2025
Саясатсыз сапалы қызмет

Саясатсыз сапалы қызмет

08.03.2025

Диірмен машинистері арасынан  үздік шыққан Думан Бірімжанов бірінші орынды, Нұрлан Мұсылманбеков  екінші орынды еншіледі.  Үшінші орынның жүлдесі  Гүлшат Мыңбайға бұйырды. Флотаторшы Жанар Малаева бірінші орынды жеңіп алса, Мая Ахметова екінші  орынға, ал, Райхан Ізтілеуова үшінші орынға табан тіреді. Жөндеу жөніндегі слесарьлар арасынан Мұрат Сәбитов пен  Дархан Қорғанбек екінші орынды өзарак бөліссе, үшінші орынды  Сағи Жиембаев  пен Дмитрий Дедюхин алды. Ал, слесарь Марина Болаган бірінші орынды жеңіп алды.

Электрмонтер Ермек Сүлейменов  бірінші, Ақселеу Байшөкен екінші орынды иеленсе, Денис Ефимов үшінші орынның тұғырынан көрінді. Конвейер машинистерінен  Марина Крисанова бірінші,  Оксана Нам екінші, Альбина Багабова үшінші орынды иеленді. Елекшілер қатарынан Гүлмира Сәрсенбаева үздік деп танылса, Серік Әлімов екінші орынға табан тіреді. Үшінші орынмен Күнсұлу Ысқақова марапатталды.

Вагонға тиеу машинистері арасынан үздік шыққан Алтай Бұлашев,  ұсақтаушылардан  Иван Максюков бірінші орынмен марапатталды.   Электргазбен дәнекерлеуші  Александр Андаев екінші орынды алса, Руслан Ашығалиев үшінші орынды місе тұтты.  Жұмысты реттеушілер арасынан  бірінші орын Әлішер Үкібаевқа, екінші орын Александр Ожеговке бұйырды. Кептіруші Тоты Қабылденова екінші орынды  иеленсе,  қойылту аппаратшысы  Перизат Тәжібаева бірінші орынның жүлдесін алды. Ал, Гүлмира Өзбекова үшінші орынды қанағат тұтты. Дәнекерлеуші Елдос Әтенов бірінші орынның жүлдесіне лайық деп танылды. Темір жонушылар арасынан  Дмитрий Галиев бірінші, Асқар Сырбаев екінші, Николай Шнайдер үшінші орынмен марапатталды.

Жеңімпаздардың жүлдесіне тағайындалған бірінші және екінші орынның жүлдесін Бригадирлер кеңесі қаржыландырса, «КәсіпҚорған»  кәсіподағы комитеті үшінші және ынталандыру сыйлықтарына демеушілік жасады. Қос ұйымның бұл байқауы фабрика еңбеккерлерінің арасында өз кәсіптеріне деген қызығушылықтарын арттырып, еңбекте табысқа жету жолында ынталандырды. Сонымен қатар, ізденіс әрқашан керектігін көрсетті. №1 бас корпустың флотаторшысы Жанар Малаева байқау туралы өз әсерін бізбен бөлісті. Жанар Әбдікәрімқызының мұнда еңбек еткеніне 18 жыл толыпты.

– «Үздік маман» байқауы өтеді деген хабарламаны естіген күннен бастап  маған ұжымым зор сенім артты. Жүздеген әріптестерім мен басшымыз Нұрғали Есілбаевтың сенімін ақтап, жеңіске жету жолында білімімді де жинаған тәжірибемді  көрсетуге тырыстым. Нәтижесінде флотаторшылар арасынан бірінші орынды иелендім. Бұл жеңіс мен үшін  ерекше. Өйткені,  бұл менің алғаш кәсіби шеберлігімді айғақтаған дода. Осы байқауды ұйымдастыруға, еңбеккерлердің  әлеуетін арттыруға үлес қосқан фабрика басшылығына, Бригадирлер кеңесі мен «КәсіпҚорған» кәсіподағына алғысым шексіз.  Мұндай байқаулар қарапайым еңбек адамын кәсіби тұрғыда шыңдайды, – дейді ол.

Жанар Малаева бүгінде цехтағы озат еңбеккер. Бір кезде цехқа жас маман болып келген ол бүгінде тәлімгер. Өзінің тәлімгерлігіне бекітілген бірнеше жас буынды кәсібіне баулып, қанаттандырды.  Олар қазір өзімен қатар цехта әр салада жемісті еңбек  етуде.

Фабрика еңбеккерлерін кәсіби тұрғыда шыңдауды көздеген аталмыш байқауды Бригадирлер кеңесі мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті дәстүрлі түрде өткізуге ниетті. Демек, алдағы уақытта үздік мамандар   қатары толыға бермек.

Суретте: Үздік маман байқауының жеңімпазы Жанар Малаева.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу41Твитерге26
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру