«Қазақмыс» корпарациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» Жастар одағы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен Сәтбаев, Жезқазған және Қарағанды қаласының «Қазақмыс» Холдинг еңбеккерлерінің балаларына Алматы қаласына экскурсиялық тур ұйымдастырған болатын.
Алматы шаһарының әсем табиғаты мен көз тоймайтын көрікті жерлері кез келген адамды баурап алары сөзсіз. Балалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына, хайуанаттар бағы барып, уақыттарын тиімді өткізді.
Теңіз деңгейінен 1130 метр биіктікте орналасқан Көктөбеге көтерілді. Олар Көктөбеге шығып, Алматы қаласының толық көрінісіне тамсанып, керемет әсер алды. Балалар Бутаково шатқалы – Алматы қаласындағы Іле Алатауының тауларында орналасқан Қазақстандағы көркем тау шатқалына барып керемет демалды.
Олардың әр күндері Алматы қаласындағы көрікті жерлерін көруге арналды. Балалар уақытын тиімді өткізіп, жақсы тынықты. Балалардың білім деңгейін анықтайтын викториналық ойындардан бастап спорттық жарыстарға дейін қамтылған бағдарламалар өткізілді. Турды сәтті аяқтап, қайтқан балалардың ата-аналары Жастар одағына алғыстарын жаудыруда.
Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.