Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

Ілкімді істер өңірді өркендетеді

12.08.2022
- Бағдар
0
Ілкімді істер өңірді өркендетеді
77
БӨЛІСТІ
215
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сәрсенбі күні  Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов «Дидар» телеарнасында «Жезқазған қаласының өзекті мәселелері, шешу жолдары» тақырыбында брифинг  өткізді. Қайрат Абдоллаұлы  тікелей эфир арқылы мысты шаһарда қазіргі таңдағы түйткілді мәселелерді айта келе,  алдағы жылдары  өңірді дамытудағы бағыттарды баяндады.

– Ел Президенті бекіткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізіндегі осындай кері байланыс арқылы біздің атқарып жатқан жұмысымызға  шынайы баға беріледі. Билік органдарында өз жұмыстарына деген сындарлы көзқарас қалыптасуда десем артық айтпаймын.

Жезқазған қаласы бойынша басты өзекті мәселе –  ол инженерлік инфрақұрылымның қанағаттанғысыз жай-күйі,су құбыры (72%), кәріз (74%), жылу (60,5%) және электр желілерінің (68%) тозу деңгейінің жоғарылығы және олар жаңартуды талап етеді.

Ол талаптар бойынша, біріншіден Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған, «2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жалпы сомасы 4,4 млрд.теңгеге 6 жобаны іске асыру жалғасуда.  Келесі маңызды бағыт – ол тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыз

Төлеген БҮКІРОВ,  Ұлттық құрылтайдың мүшесі:  «Ұлы  даланың ұлық жиыны –  қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

Төлеген БҮКІРОВ, Ұлттық құрылтайдың мүшесі: «Ұлы даланың ұлық жиыны – қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

14.02.2025
Аймақ дамуының айқын бағыттары

Аймақ дамуының айқын бағыттары

10.01.2025

Бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысын дамыту шеңберінде Алашахан көшесі, 34Е мекенжайы бойынша 90 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.  Облыс бюджетінен  30 пәтерлі 2 несиелік үйлердің құрылысы жалғасуда, ағымдағы жылы аяқталады.

Сондай-ақ, қалалық бюджет қаражаты есебінен Алашахан көшесі, 34Ж бойынша 60 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы басталды, 2023 жылы аяқталады.

Жалпы 2022 жылы бюджет қаражаты есебінен біз 160 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етеміз және 12,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріп, кезекті 6,3%-ға азайтамыз.

Батыс тұрғын ауданының Алашахан даңғылы бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аумақтарында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, жоба ауыспалы, 2023 жылы аяқталады.

Ал 2023-2024 жылдары 3 тұрғын үйдің құрылысын жоспарлап отырмыз.  Әрине, бірінші инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар салынады және абаттандыру қарастырылған, – деген әкім шаһарды абаттандыру, жол, ауызсумен жабдықтаушы құрылымдардағы өзекті мәселелерді тілге тиек етті. Сонымен қатар, қалаға жақын орналасқан Кеңгір, Талап сынды елді-мекендерде де өңірді дамыту шеңберінде қарқынды жұмыстар қолға алынады деді.

Жезақзған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов брифинг соңында Жезқазған қаласының Бас жоспарына қатысты жаңалықпен бөлісті.  «Жезқазған қаласының бұрынғы Бас жоспар облыстық маңызы бар қалаға арнап құрылған болатын. Енді оны біз облыс орталығына сәйкестендіруіміз керек. Сондықтан жаңа бас жоспарды әзірлеуге ашық конкурс жарияланып, казір өтіп жатыр. Жаңа бас жоспарда басты жобалар ретінде тұрғын үй құрылысы, еркін экономикалық аймақты орналастыру және Жезқазған қаласының алдағы жақын келешектегі даму, салыну бағыттары қарастырылады. Жоспар дайын болғаннан кейін, қала тұрғындарымен ақылдасамыз, қоғамдық тыңдаулар өткізіледі» деді.

Тікелей эфирде тұрғындар ютуб, инстаграм әлеуметтік желісі арқылы Қайрат Абдоллаұлына сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

 Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу31Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру