Бейсенбі, 26 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Қазақмыс Қазақстанның Еңбек Ері Әбдірашит Доспановтың еңбегін жоғары бағалады

26.11.2026
- Жаңалықтар
0
Қазақмыс Қазақстанның Еңбек Ері Әбдірашит Доспановтың еңбегін жоғары бағалады
67
БӨЛІСТІ
187
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазғанда Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы, еліміздегі ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған Әбдірашит Қойшыбекұлы Доспановқа үш бөлмелі пәтердің кілтін берді.

Пәтер кілтін металлургке «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның бас операциялық директоры, Kazakhmys Smelting бас директоры Жәнібек Байғабелов табыс етті.

Пәтер беру – Әбдірашит Доспановтың көп жылғы адал еңбегіне, жоғары кәсіби шеберлігіне және мамандығына деген адалдығына көрсетілген құрмет. Оның отандық металлургия саласын дамытуға қосқан үлесін компания акционері Нұрлан Артықбаев пен «Қазақмыс» корпорациясы басқармасының төрағасы Руслан Өскенәлі жоғары бағалады.

Әбдірашит Қойшыбекұлы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен бірге айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордендерімен марапатталған. Сонымен қатар ол үш дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің толық кавалері.

Металлургтің жалпы еңбек өтілі шамамен 42 жылды құрайды. Оның 40 жылдан астам уақыты Жезқазған мыс балқыту зауытындағы еңбек жолымен байланысты. Ол 1985 жылдан бері осы кәсіпорында жұмыс істеп, жинақтаған кәсіби тәжірибесін жас мамандарға үйретумен қатар өндірістің озық дәстүрін жалғастырып келеді.

Оның өмірбаянында отбасылық еңбек әулетінің тарихы ерекше орын алады. Бірнеше буын өкілдерінің еңбек өтілінің жиынтығы 400 жылға жуықтайды. Әбдірашит Қойшыбекұлының ізін інілері жалғап, бүгінде зауытта еңбек етіп жүр.

Салтанатты шараға Еңбек Ері әріптестерімен бірге түнгі ауысымнан кейін келді. Ауысым барысында тазартылмаған мыс өндіру жоспары толық орындалды. Бұл оның мамандығына деген адалдығы мен ұжым алдындағы жауапкершілігінің айқын көрінісі.

Әбдірашит Доспановтың еңбек жолы – өз ісіне адалдықтың, ұрпақ сабақтастығы мен жоғары кәсіби шеберліктің озық үлгісі.

«Қазақмыс» компаниясында компания мен Қазақстан өнеркәсібінің дамуына ондаған жыл бойы үлес қосып келе жатқан еңбек адамдарының еңбегін лайықты бағалауға ерекше мән беріледі. Өндірістік дәстүрді сақтап, жинақтаған тәжірибесін жас ұрпаққа аманат етіп жүрген мамандардың еңбегін құрметтеу – компанияның маңызды басымдығының бірі.

Бөлісу27Твитерге17

Көп қаралған

  • Бағаналының Сағындық батыры

    Бағаналының Сағындық батыры

    976 бөлісті
    Бөлісу 390 Твитерге 244
  • Тарихқа табан тіреген тұлға

    340 бөлісті
    Бөлісу 136 Твитерге 85
  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1759 бөлісті
    Бөлісу 704 Твитерге 440
  • Қазақмыс құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жұмысқа орналасу кезінде орын алуы мүмкін заң бұзушылықты анықтады

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Жат ағым бірлікке емес бүлікке бастайды

    174 бөлісті
    Бөлісу 70 Твитерге 44
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
imunify-bot-check