Ұлытау облысының спортшысы Федосова Даяна пара дзюдодан V Азия Пара ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, J2 санаты, 60 келі салмақ дәрежесі бойынша ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі III орынға ие болды. 
Бұл — табандылық пен қажырлы еңбектің, қайсар рух пен жеңіске деген жігердің жемісі!
Даяна Федосованы лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жеңістер тілейміз!
#ҰлытауОблысы #ПараДзюдо #АзияПараОйындары #ДаянаФедосова #ҚолаЖүлде #ҚазақстанСпорты

