Бейсенбі, 30 Сәуір , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Парижге жаяу жеткен саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов ақсақалға ЮНЕСКО құрмет көрсетті

Ұлытау рухы – әлем жолында!

27.04.2026
- Жаңалықтар
0
Парижге жаяу жеткен саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов ақсақалға ЮНЕСКО құрмет көрсетті
68
БӨЛІСТІ
190
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

2026 ж. 24 сәуірде Париждегі ЮНЕСКО бас кеңсесінде 76 жастағы қазақстандық саяхатшы Сәрсенбай Қотырашовты ресми түрде қарсы алды.

Атамыздың әлемді жаяу аралау саяхатының басты мақсаты – жастың шектеу емес екенін дәлелдеу, түрлі халықтармен танысу, мәдениеттерді жақындастыру және Қазақстанды әлемге таныту. 2022 жылы қазақстанның 17 облысын жаяу аралаған алғашқы сапарының барысында Сәрсенбай ата қолөнер шеберлері туралы деректер жинап, оларды ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра саласындағы мамандарға ұсынған болатын. Сонымен қатар, ол шетелде Қазақстанның бай мәдениеті мен дәстүрлерін, әсіресе тарихы терең Ұлытаудың мұрасын насихаттап келді.

Жиhанкез атамызды күтіп алуға қатысқан Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов, ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияның Хатшысы Фумико Охината және ЮНЕСКО Хатшылығының қызметкерлері, ҚР Материалдық емес мәдени мұрасы комитеті төрағасының орынбасары Рустам Музафаров оны сапарының мәресіне сәтті жетуімен құттықтап, қошемет білдірді. Сондай-ақ олар атаның қазақтың мәдени мұрасын әлемге танытуға еңбегіне жоғары баға беріп, алғыс хат пен кәдесый табыстады

Ал, Сәрсенбай ата ЮНЕСКО өкілдеріне естелікке ұста ретінде өз қолымен жасаған темір қоңырауды, сондай-ақ Ұлытау өңірі туралы танымдық материалдар мен көшпенділер мен саяхатшылардың сенімді азығы құртты сыйға тартты.

Ұлытау рухы – әлем жолында!

Таңбалар: Сәрсенбай ҚотырашовЮНЕСКО
Бөлісу27Твитерге17

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1619 бөлісті
    Бөлісу 648 Твитерге 405
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1533 бөлісті
    Бөлісу 613 Твитерге 383
  • Бағаналының Сағындық батыры

    882 бөлісті
    Бөлісу 353 Твитерге 221
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    858 бөлісті
    Бөлісу 343 Твитерге 215
  • Кеңгірбай бидің батасы

    620 бөлісті
    Бөлісу 248 Твитерге 155
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру