Бейсенбі, 30 Сәуір , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Есірткіге қарсы жасөспірімдер үн қосты: үздік бейнероликтер мен суреттер анықталды

24.04.2026
- Жаңалықтар
0
Есірткіге қарсы жасөспірімдер үн қосты: үздік бейнероликтер мен суреттер анықталды
67
БӨЛІСТІ
187
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысы полиция департаментінің ұйымдастыруыменжасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды шара өтті. «Менің таңдауым – есірткісіз өмір» тақырыбында ұйымдастырылған бейнероликтер мен сурет байқауларының қорытындысы шығарылып, үздік қатысушылар марапатталды.

Аталған байқаулардың басты ерекшелігі – жасөспірімдердің өз көзқарасын шығармашылық арқылы жеткізуі. Қатысушылар есірткінің зияны, қоғамға тигізетін қауіпі және дұрыс өмірлік таңдау туралы ойларын бейне және сурет форматында ұсынды.

Байқауға өңірдің түрлі қала-аудандарынан жүзге жуық оқушы қатысып, жоғары деңгейдегі жұмыстар ұсынды. Қазылар алқасы жұмыстардың мазмұнына, креативтілігіне және әлеуметтік маңыздылығына ерекше мән берді.

Нәтижесінде, бейнероликтер байқауы бойынша бас жүлдені Жезқазған қаласының №8 гимназиясының оқушысы Жорабек Биболат иеленді. Бірінші орын Сәтбаев қаласындағы №16 мектептің оқушысы Ақзере Мұратбекқызына бұйырды. Ал екінші орынды Жезқазған қаласының №8 гимназиясының оқушысы Дінмұхамед Дана жеңіп алды. Үшінші орын Жезқазған қаласы №1 мектебінің оқушысы Ахмедияр Даниярұлы мен Ұлытау ауданы №2 мектептің оқушысы Інжу Баташқа берілді.

Сонымен қатар, сурет байқауында да үздіктер анықталды. Бас жүлдені Жезқазған қаласының №133 мектебінің оқушысы Жағыптас Айданым жеңіп алды. Бірінші орын Жаңаарқа ауданынан Тәңірберген Азаматқа табысталды. Екінші орын Амангелді Алихан мен Жанкенова Алияға бұйырса, үшінші орынды Мұқашева Марина, Нематолова Раушан және Айтжан Жаннұр иеленді.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімін Департамент бастығының орынбасары Алмаз Саламатов өткізіп, қатысушылардың белсенділігі мен шығармашылығына жоғары баға берді.

Мамандардың айтуынша, мұндай форматтағы байқаулар жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыруда тиімді құралға айналып келеді. Себебі, жастар дайын ақпаратты қабылдаушы ғана емес, қоғамға әсер ететін белсенді қатысушы ретінде көрінеді.

Осындай бастамалар арқылы өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт беріліп, «есірткісіз өмір» қағидасы нақты әрекетпен нығая түсуде.

Бөлісу27Твитерге17

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1619 бөлісті
    Бөлісу 648 Твитерге 405
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1533 бөлісті
    Бөлісу 613 Твитерге 383
  • Бағаналының Сағындық батыры

    882 бөлісті
    Бөлісу 353 Твитерге 221
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    858 бөлісті
    Бөлісу 343 Твитерге 215
  • Кеңгірбай бидің батасы

    620 бөлісті
    Бөлісу 248 Твитерге 155
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру