Сенбі, 18 Сәуір , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

«Таза өлке – таза жер»: Ұлытауда ауқымды экологиялық акция өтті

03.04.2026
- Жаңалықтар
0
«Таза өлке – таза жер»: Ұлытауда ауқымды экологиялық акция өтті
74
БӨЛІСТІ
205
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жаңа кезеңіне бастау беретін ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Акция аясында «Таза өлке – таза жер» бастамасы жүзеге асырылып, оның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және тұрғындарды абаттандыру жұмыстарына кеңінен тарту.
Іс-шара барысында Жезқазған қаласының жастары мен эко-волонтерлары қала көшелерін тазарту жұмыстарына белсенді қатысты.
Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жүйелі түрде жүргізілуде. 2029 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарына сәйкес өңірде 43 іс-шара қарастырылған. 2025 жылға жоспарланған 34 іс-шараның 32-сі орындалып, 2-уі өтпелі ретінде жалғасуда. Оның ішінде халық көп жиналатын орындарда экобокстар мен фандоматтар орнату, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» конкурсын «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында өткізу көзделген.
2025 жылы өңірде 13 облыстық және 17 қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Таза бейсенбі» акциясы тұрақты түрде өткізілуде. Жалпы абаттандыру жұмыстарына 87 мыңға жуық адам қатысып, 1423 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 8 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, 27 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды.
Бұдан бөлек, өңірде «Таза жағалау», «Таза аймақ», «Мөлдір бұлақ», «Туған жер – алтын бесігім», «Жер сағаты», «Таза қала», «Үлгілі ауыл» сынды экологиялық бастамалар іске асырылып, «ProEko» экологиялық жобалар байқауы мен «Табиғатты аяла» атты жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистер форумы өткізілді.
2026 жылға арналған жоспарға сәйкес 34 іс-шара қарастырылған, оның ішінде бүгінгі күнге дейін 3 іс-шара жүзеге асырылды. Барлық жұмыстардың орындалуы ай сайынғы мониторинг арқылы бақылауда. Бұл олардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға деген жеке жауапкершілікті арттыру.
Экологиялық акция «Таза Қазақстан» өңір тұрғындарын біріктіріп, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастырып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға үлес қосуда.

«Таза Қазақстан» – экологиялық ойла, жауапкершілікпен әрекет ет!»

Бөлісу30Твитерге19

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1612 бөлісті
    Бөлісу 645 Твитерге 403
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1529 бөлісті
    Бөлісу 612 Твитерге 382
  • Бағаналының Сағындық батыры

    878 бөлісті
    Бөлісу 351 Твитерге 220
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    856 бөлісті
    Бөлісу 342 Твитерге 214
  • Кеңгірбай бидің батасы

    617 бөлісті
    Бөлісу 247 Твитерге 154
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру