«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС басшылығы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлердің жеті отбасына, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға пәтер кілттерін табыс етті. Оның ішінде Жезқазған мыс қорыту зауытының 4 еңбеккері бар.
— Мен үшін Халықаралық балаларды қорғау күні – оқу жылы аяқталып, демалыстар басталған ең жарқын мерекелердің бірі. Бұл жыл ерекше жыл, сондықтан оны Қазақстан Президенті Балалар жылы деп жариялады. «Қазақмыс» тобының атынан Сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтаймын, — деп құттықтады пәтер кілттерін табыстау алдында «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС ұйымдық даму жөніндегі директоры Бексұлтан Бекмұратов.
Осы күні «Қазақмыс» компаниясынан Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 35 отбасы пәтер алды. Айта кету керек, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС әкімшілік басшысы Силар Қияқбаев пен Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова балаларға жылы лебіздерін арнады.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.