Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс» құрылымдарында

Өндірісті өркендетудің өрісі кең

03.06.2022
- «Қазақмыс» құрылымдарында
0
Өндірісті өркендетудің өрісі кең
78
БӨЛІСТІ
216
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қарағанды құю-машина жасау зауытының базасында «Тау-кен металлургия кешенінде елішілік құндылықты дамыту» тақырыбында форум өтті.

Оған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев, Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай, «Eurasian Resourcesgroup» (ERG), «Қазмырыш» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорындарының басшылары, сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының, ҚР Өнеркәсіпті дамыту қорының, «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, ҚР Машина жасаушылар одағының басшылары мен «Атамекен» ҰКП өкілдері.

Форумға қатысушылар Қарағанды құю-машина жасау зауытының («Қазақмыс» компаниялар тобының құрылымына кіретін «Мэйкер» ЖШС) аумағында ашылған отандық кәсіпорындардың өнімдерінің көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, республиканың өнеркәсіптік алыптарының басшылары зауыт аумағында Сібір шыршасының көшеттерін отырғызды.

Форум барысында тау-кен металлургия кешеніндегі елішілік құндылықты дамытудың практикалық аспектілері белсенді талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

 

Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тау-кен металлургия өнеркәсібін одан әрі дамыту және қосылған құны жоғары өнім шығаратын жаңа өңдеу өндірістерін құру, оның ішінде тау-кен металлургия кешенінің ірі компанияларының айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құру міндетін қойған болатын.

Мемлекет басшысының бастамасы осы салада кеңінен қолдау тапты. ТМК-нің ірі кәсіпорындары өз кәсіпорындарының айналасында шағын және орта бизнес белдеулерін құрып қана қоймай, сонымен қатар, өндірісі ТМК-де сұранысқа ие нақты тауар топтарын анықтауға дайын екендіктерін білдірді. «Атамекен» ҰКП және әкімдіктер өңірлердегі жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету, несие беру жолдарын анықтау, техникалық жарақтандырылуы жайын сөз етті. Сонымен қоса осы кәсіпорындардың кадрлар даярлау, оқыту, қызметкерлердің сапаға сай жұмыс атқару міндеттері талқыланды. Өз кезегінде жеңілдіктер мен преференциялар алатын отандық тауар өндірушілерден тұтынушылар сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығаруды күтуде.

«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев, бүгінде барлық сала өкілдерін қарсы алатын ҚҚМЗ зауыты «Қазақмыс» тау-кен металлургия кешені үшін машина жасау өнімінің негізгі жеткізушісі болып табылатындығын атап өтті.

Мемлекет басшысыныңт апсырмасына сәйкес, «Қазақмыс» импортты алмастыру бағдарламасы аясында белсенді жұмыс жүргізуде. Жергілікті тауар өндірушілер кластерін құруүшін «Қазақмыс» бағдарламасы бойынша 17 млрд.теңге тауар айналымымен 65 қатысушыдан тұратын Жезқазған және Балқаш қалаларының кәсіпкерлер қауымдастығы мен одағы құрылды.

Аталған іс-шаралар өңірде 2 782 жұмыс орнын құруға ықпал етті. Бүгінгі таңда «Қазақмыс» компаниялар тобының сатып алуларындағы жергілікті қамту серпіні көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалады.

«Қазақмыста» жергілікті кәсіпорындармен ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар, сондай-ақ, моноқалаларда жергілікті өндірушілерден сатып алулардың басымдылығы қағидаты әрекет етеді. «Қазақмыс» жергілікті кәсіпкерлерді қолдаумен қатар өз кәсіпорындарын дамытып келеді.Табысты мысалдардың бірі – білдек паркін жаңғыртудан кейін ҚҚМЗ өнімдерінің 12 мың жаңа атауын игеру. Бүгінгі күні зауыт ТМК, энергетика және мұнай кәсіпшілігі саласына, сондай-ақ, теміржол көлігін еарналған өнімдерді өндіреді.

ТМК кәсіпорындары қабылдайтын шаралар жергілікті тауар өндірушілерге тұрақты дамуға және тендерлер нәтижелеріне тәуелді болмауға көмектеседі. Екінші жағынан, ТМК ірі бизнесінің өңдеу өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі экономиканың бірқатар сабақтас салаларының өсуіне, жеткізушілердің экожүйесін дамытуға, өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға және экспортқа бағдарланған өнімді шығаруға жәрдемдесетін болады.

Бағдат  ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу31Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру