«КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалы ұйымның 10 жылдығына арналған жыр мүшәйрасының қорытындысы шығарылып, жүзден жүйріктер марапатталды.
Ұйымның 10 жылдағы бағындырған белесін жыр жолдарымен, әсем әнмен әуелеткен шығармашыл жастарға филиал төрағасы Ақылбек Төлепбергенов пен аппарат жетекшісі Жанар Салықова алғыстарын білдірді.
Сонымен мүшәйраның поэзия жанрындағы бірінші орын жүлдесіне Дархан Желібаев пен қазақтың ұлттық аспабы — домбырамен жыр төккен Ержан Жанділдинов лайық деп табылды.
Жыр бәйгесінде екінші орынды Жоламан Мағзұм еншілесе, Фарида Байділдинова мен Наурыз Анас үшінші орынды өзара бөлісті.
Он жылдыққа арналған мүшайраға белсене қатысқаны үшін Еркебұлан Шалқарбаев пен Інжу Шалқарбаева «Отбасылық құндылық» номинациясымен марапатталды. Байқаудың өтетінін фейсбук әлеуметтік желісі арқылы білген Дастан Әбдірахманұлы шалғайдағы Бозшакөл кен орнында еңбекетсе де, жыр додасынан қалыс қалмай, арнайы жүлдеге ие болды. Ұйымдастырушылар атынан қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Мүшәйрада топ жарып, бірінші орынды жеңіп алған Жезқазған мыс қорыту зауытының еңбеккері Дархан Желібаевтың арнауын оқырманға ұсынып отырмыз.
Бағдат АЙТӨРЕ.
Жасай бер, кәсіподақ – «КәсіпҚорған»!
Бұлодақта мол мұра, бай ұстаным,
Тарихы мен атқарғанәрісмәлім.
Жұмысқажігерберердәлосындай,
Жасаған «КәсіпҚорған» сайыстарын.
Кәсіпжасауеңбекпенолбірғылым,
Одақсың сен білерім мол бірлігің.
«Құттыболсын!» депайттымшынжүректен,
«КәсіпҚорған» кепжеткен он жылдығың.
Келесін он жылбойыбағаланып,
Жетістігіодақтыңмағананық.
Самғайберодақтардыңарасында,
Дәлбүгінгіқалпындайдараланып.
Әрқашанбіргемізғойбіз бен сіздер,
Ортағакөпірболыпжүргенсіздер.
Ұлытауоблысбопжатқанкезде,
Онжылдығынтойлағансіздерсіздер.
«Қазақмыс» көпхалыққанәсіпболған,
Арнасы алтын мыспентасып, толған.
Бастайбержұмыскердіболашаққа,
Жасайбер, кәсіподақ – «КәсіпҚорған».
Дархан Желібаев.