Жаңаарқа ауданына қарасты Түгіскен ауылдық округінде ауыл тұрғындарына жаңа дәмхана есігін айқара ашты. Дәмхананың салтанатты ашылуына қатысқан аудан әкімі Қанат Қожықаев құттықтау сөз сөйлеп, кәсіпкерлердің ісіне сәттілік тіледі.
«ХАН» деген атаумен дәмхана ашып, отбасылық кәсіпті бастап отырған ерлі-зайыптылар – Сайлау Қожамұратов пен Қымбат Бабашева. Жеке кәсіпкерлер заманауи үлгідегі дәмхананы ашуға 60 млн. теңге қаражат жұмсапты. Жаңа нысан 200 шаршы метрді құрайды. Мұнда 1 караоке зал, 1 вип зал, 1 қазақы нақыштағы зал және 80 адамға шақталған 1 үлкен зал бар. Кәсіпкерлер 5 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Ай НУРИ, Ізтай БЕЛГІБАЙ.