Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

60 тұрғын баспаналы болды

21.06.2024
- Бәрекелді!
0
60 тұрғын баспаналы болды
81
БӨЛІСТІ
226
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Соңғы бірер жылда Жезқазған қаласында қоныс тойын тойлайтындар легі артып келеді. Бұл шаһарда тұрғын үй құрылысының жанданып келе жатқанын көрсетеді. Нәтижесінде, ұзақ жылдардан бері баспана кезегінде тұрған тұрғындар саны азаюда.

Баспаналы болғандар қатары биылғы жылы тіптен арта түсті. Жезқазған қаласының 70 жылдығы қарсаңында шаһардың тағы 60 тұрғынына жаңа пәтердің кілттері салтанатты түрде табыс етілді. Жалпы, облыс бойынша жыл басынан бері 135 отбасы өз баспаналарына қол жеткізіп үлгерді. Кілт табыстау рәсіміне қатысқан өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы игі шараның әлі де жалғасын табатынын жеткізді.

– Осы жылы облысымыздың барлық өңірін қоса есептегенде 36 мың шаршы метрге жуық тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Ол дегеніміз, 400-ге жуық баспана. Қазір бір Жезқазғанның өзінде 2000-ға жуық азамат үй кезегінде тұр. Мәселені осылай кезең-кезеңімен шешіп жатырмыз, –деді облыс әкімі өз сөзінде.

Орайы келгенде айта кетейік, берілген пәтерлер Жезқазған қаласының батыс ауданында орналасқан. Қазіргі таңда аталған аумақтағы жылу мәселесін шешу үшін желілер тартылуда. Жыл соңына дейін Жезқазғанда жалпы 270 пәтердің құрылысын аяқтап, қолданысқа беру көзделіп отыр.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

 

Бөлісу32Твитерге20

Көп қаралған

  • Жеңіс туын желбіретті

    Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    185 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • 🌊 СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру