Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Комитет төрағасы есеп берді

08.02.2024
- Кәсіподақ тынысы
0
Комитет төрағасы есеп берді
100
БӨЛІСТІ
278
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

 

«КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалының Жезқазған мыс қорыту зауытындағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Ардақ Ақылбекова еңбек ұжымдарымен кездесіп, 2023 жылы атқарылған жұмыстардың есебін берді.

Зауыттағы негізгі төрт цех пен қосалқы цехтарда болған Ардақ Мұқажанқызы кездесу барысында ұйымның өз мүшелері үшін құқықтық тұрғыдан көмек көрсетуден бөлек, әлеуметтік тұрғыдан да қолдау жүзеге асқанын мәлімдеді. Жалпы, Жезқазған мыс қорыту заводы бойынша төраға өткен жылы еңбеккерлермен 180 кездесу өткізіп, сол кезеңдерде туындаған сұрақтар мен мәселелердің тиісті деңгейде шешімін табуына ықпал етті.

– Кәсіподақ – жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы байланыс желісі. Жұмысшы тарапынан туындаған түрлі мәселелердің оңтайлы шешілуіне де ұйым күш салады. Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, адам өмірінің қауіпсіздігі мен еңбек жағдайының қолайлылығы, заңдық тұрғыда жұмысшыға қолдау көрсетуде «КәсіпҚорған» кәсіподағы былтырғы жылы тиісті шараларды орындады. Мүшеліктегі азаматтарға әлеуметтік, сауықтыру шаралары мен еңбектегі үлесіне қарай марапаттау дәстүрі жалғасын тауып келеді.

Кәсіподақ комитеті кәсіби шеберлікті арттыру, кәсіптің беделін көтеру, үздік тәжірибені тарату, өз еңбегін ұйымдастыру қабілеті, өндіріс мәдениеті мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау үшін балқыту цехының қызметкерлері арасында «Мамандығы бойынша үздік» кәсіби шеберлік байқауын өткізді. Байқау екі бөлімнен тұрды: теориялық және практикалық. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды ақшалай сыйлықтармен, Құрмет грамоталарымен марапаттады. Мәдени-спорттық шараларда кәсіподақ мүшелері белсенді. Ұйымның Жезқазған филиалы мен «Jastar Bolashaq» Жастар одағы ұйымдастырып келе жатқан қысқы, жазғы спартакиадаларда топ жарып жүрген еңбеккерлерімізбен мақтанамыз.

Қандай жағдайда болсын, кәсіподақ жұмысшы мәселесін шешуде өндіріс ошағындағы негізгі күштің бірі болып саналады. Сондықтан оның әрбір мүшесінің мәселесіне мән бере қараймыз. «КәсіпҚорған» кәсіподағының биылғы жылғы даму бағдарламасы ауқымды. Осы жұмыстарды зауыт басшылығымен, еңбек ұжымымен бірлесе атқаруға күш-қайратымды жұмсайтын боламын, – деді Ардақ Ақылбекова.

Айта кетейік, зауытта «КәсіпҚорған» кәсіподағының мүшелері құқықтық, әлеуметтік бағыттар бойынша әрдайым қолдауға ие болып келеді, бола да бермек.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

 

 

Бөлісу40Твитерге25

Көп қаралған

  • Жеңіс туын желбіретті

    Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    185 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • 🌊 СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру