Дүйсенбі, 2 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрісі

35 түрлі деталь құйылады

10.11.2023
- Өндіріс өрісі
0
35 түрлі деталь құйылады
89
БӨЛІСТІ
247
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қарсақбай металлургиялық зауытының жүрегі саналатын құю-механикалық учаскесі «Қазақмыс» корпорациясына қарасты құрылымдардың тапсырысы бойынша жұмыс істейтін бірегей ұжым. Қазір учаскенің құюшылары мен токарьлары ырғақты жұмыс үстінде. Олардың басты межесі – жылдық жоспар үддесінен көріну.

Аталмыш учаскеде 51 адам еңбек етеді. Олардың жиырма тоғызы токарьслесарь, қалғандары құюшылар. Мұндағы жұмыс процесі де бір-бірімен сабақтас. Бірер күн бұрын тапсырыс бойынша жасалатын бұйымдардың макеті жасалып, ол қалыпталады. Одан кейін шойын балқытылып, құйылады.

– Негізінен біз «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кеніштер мен зауыттың, байыту фабрикаларының тапсырыстары бойынша жұмыс істейміз. Ай сайын 20 тонна шойын құйып, одан 35 түрлі детальдар жасаймыз, дайын детальдарды қырлап, жонып тапсырысқа сәйкестендіреміз. Өткен айдың жоспарын абыроймен орындап шықтық. Қазір жылдық жоспарымызды орындауға күш салып жатырмыз. Жылдық жоспарымыз 250 тонна, – дейді құю-механикалық учаскенің басшысы Ғабит Ермағанбетов бізбен әңгімесінде.

Учаске басшысының айтуынша, мұндағы жігіттер шетінен бесасбап. Олар кез-келген бұйымды сызба бойынша құйып, жонып, дайындап беруге қауқарлы.

Сондай-ақ оқыңыз

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024
Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024

– Қазір кеніштер мен зауыт, фабрикалардағы құрылымдардың дені заманауи үлгідегі дүниелер ғой. Егер, мұндай құралдардың бөлшек-саймандарын жасауға тапсырыс түссе, біз оны да құйып, жасап бере аламыз, – дейді учаске бастығы нық сеніммен.

Құю-механикалық учаскесі аптасына екі рет шойын құйады. Бұл жұмыс екі аусымда атқарылады, өзге уақытта құйылған бұйымдарды жонып, сызбаға сәйкестендіреді. Ал, қалыпшылар келесі тапсырыстарға сәйкес бұйымдардың қалыбын жасайды.

– Негізгі шикізат көзі – шойын, кокс, қалып құятын отқа төзімді құм мен балқыту пешінің кірпіштерін «Қазақмыс» корпорациясының материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі арқылы алдырамыз. Осының бәріне арнайы ақша қаралған. Сол ақшаға сатып аламыз. Ал, дайын өнімдер діттеген жерлерге жүк көліктері арқылы жеткізіледі, – дейді Ғ. Ермағанбетов.

Қарсақбай металлургиялық зауыты дегенде есімізге кешегі қарашаңырақтың қайнаған еңбегінің көрігін қыздырған династия оралады ғой. Бұл да заңдылық. Өйткені, зауыттың әр цехында еңбек етіп жүрген жастардың арасында есімдері аңыз айналған металлургтердің ұрпақтары да тер төгіп жүр. Мәселен, осы учаскені басқарып отырған Ғабит Ермағанбетовтың өзі кешегі көненің жалғасы. Әкесі Әнуарбек Ермағанбетов осы зауытта қалыпшы болып еңбек еткен жан. Қазір Ғабекеңнің отбасының өзінде бірнеше адам «Қазақмыс» корпорациясына қарасты құрылымдарда еселі еңбек етіп келеді.

– Қазір, бұрынғыдай емес, династиялар қатары азайды. Көбісі Жезқазған, Сәтбаев қалаларындағы кеніштерге ауысып кетті. Мұнда қазір Қарсақбайдың шынайы патриоттары ғана қалды, – дейді Ғабекең ізбасарларына риясыз ықыласын білдіріп.

Орайы келгенде айта кетейік, мұнда жұмыскерлерге барлық жағдай да жасалыныпты. Аусымнан шыққан металлургтер мен токарьлардың, қалыпшылардың жуынып, киімдерін ауыстыратын тұрмыстық жай жуырда ғана жаңартылып, жөндеуден өтіпті. Мамандарды ынталандыру үшін түрлі іскерлік байқаулар, жарыстар да жиі өткізіліп тұрады екен.

– Жұмыскерлер үшін ең бастысы айлық жалақысы жақсы болса, денсаулығын түзетуге орай шипажайларға барып, демалып, сауығып қайтуға мүмкіндік жасалса, басқа ештеңе қажет емес. Бұл мәселелер қазір шүкір жақсы. Жұмыскерлеріміз 300-450 мың теңге аралығында айлық алады. «Жаңақорған», «Сарыағаш» шипажайларына барып дем алуларына жолдамалар беріледі, – дейді учаске бастығы.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

 

 

Бөлісу36Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру