Жексенбі, 18 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

30.09.2022
- Руханият
0
82
БӨЛІСТІ
228
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Туған жерді құрметтеу, оның тарихын білу біздің əрқайсымыздын қасиетті
борышымыз. Үлкенбіз бе,  кішіміз бе, жаспыз ба, кəріміз бе, кім болсақ та осы туған топырақтың төл перзент іекенімізді кəміл мақтан етіп жүреміз.
Жақында Сəтбаев қаласынан 36 өндіріс ардагері Қазақтың киелі 100 нысынының қатарына жататын тарихи орындардың бірі «Теректі əулие» кешенінде болып қайттық. Сапарға баруымызды ұйымдастырған «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС жанындағы «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі болды. Корпорация басшылығы ардагер қарттарымызды жайлы автобус көлігімен қамтамасыз етті. Жезқазғаннан  Қарағанды қаласына баратын үлкен жолмен күншығысқа бет түзеген автокөлігіміз Теректі теміржол стансасы тұсында солға бұрылып,  ұшы-қиырсыз кең  шалқар даладағы гранит тасты көлемді төбешікке келіп тоқтады.
Жол бастаған жетекшіміз Садық Жанқұтов  деген азамат, өзіміздің Қазақмыс ардагерлерінің бірі екен, бізді көне дəуірдің көзіндей, тұлабойы тарихқа тұнған төбешіктердің құпиясымен таныстырмақ ниетпен тас қойнауға қарай жетелей жөнелді. Əуелі дəстүр бойынша «Теректі əулие» кесенесіне тағзым еттік. Қойылған тақтайшасында «Теректі»,9-ші ғасыр, «Мүтəліп баба»  деп жазылған.  Садықтың айтуынша  Мүтəліп бабаның айырықша қасиеттерін қадыр тұтып халық Теректі əулие атап кетсе керек.
Беріректе осы өлкеде елге беделді  бір ауқатты кісі тұрыпты.Əлгі кісі
ұзақ жыл қатты сырқаттанып, көрінбеген емшісі, қаралмаған ғұламасы қал-
май қатты қиналады. Ақыры бір шыбын  жан үшін біреулердің ақылымен Меккеге барады.  Сол жақта бір оқымысты ғалым балгерге жолығып бар жағдайды айтса керек. Əбден тыңдап болған арабтың білгірі :
– Қайдан келдің ? –деп сұрайды.– Қазақпын, Сарыарқа өңіріндегі Теректі  əулие жатқан елденмін,– дейді бұл.
Мұны естіген ғалым : – Іргеңде Теректідей əулие жатқанда жер түбінен мұнда бекер келген екенсің. Мен қолымнан келгенімді аямаспын.  Бірақ Теректі əулиеге бар. Сенің жаныңа шипа сол жерде, – деген екен.
Ақыры сол ғалымның дегені  келіп жерлесіміз науқасынан айығыпты. Жол жетекшіміз  Садық айтқан бұл аңызға қарағанда Теректі  бабамыз Алланың ықыласына бөленіп, атағы тым алыстарға жеткен нағыз  əулие
болған кісі, ал ол жатқан  бұл төңірек не түрлі  тылсымға ие, ерекше қасиеті бар киелі орын деп түсіндік. «Теректі əулие» кесенесі қатарында шым кірпіштен 9-шы, 10-шы ғ.ғ. қаланған көне кесенелер Жанқара ата, Жылқайдар ата, Əбілқайыр ата,  Оспан атанікі деп көрсетіліпті. Ардагер ағамыз Байтіков  Жұмабай қажы бұл аталарымыздың рухына да  дұға бағыштап, барған ардагерлер түгел қол жайдық.
Рəсім бойынша жүретін соқпақтан ауытқымай, кезең кезеңімен өту керек екен. Сондықтан жетекшіміз Садықтың соңынан қалмай біріміз бірімізге тіркесіп тас төбенің етегінін жоғары өрледік. Əрқайсымыз өз тілектерімімізді тілеп жаратылыстың құдіретімен ерекше орналасқан қасиеті бар ғажайып тастардың арасымен өтіп келеміз. Сөйтсек нағыз тамаша таудың биігінде екен. Сонау қола дəіріндегі адам қолымен тасқа қашалып бізге жеткен  сан алуан жануарлардың бейнелері тұнып  тұр.Мұнда жылқы, түйе, бұқа, арқар, бұғы, тауешкі т.б аңдар мен аңшылық көріністер бейнеленген. Екі ат жегілген арба, неше түрлі ою-өрнектер, сан түрлі геометриялық фигуралардың бейнесі. Жалпы ежелгі адамдардың сурет өнерінің көрмесі десек болар.Өз көзімізге өзіміз сене алар емеспіз. Бір сəт құтты 21-ші ғасырдан сонау неолит-қола дəуіріне топ ете қалғандай күй кештік.
Аңызда, тас бетіндегі жылқы мен əртүрлі іздерді  əулиенің табаны тиген жер десе, 11-ші ғасырдың ғұлама ғалымы əл-Бируни: «Теректі тасындағы іздер Əзірет Əли мен оның тұлпары – Дүлдүлдің іздері», – деп тайға таңба басқандай етіп жазып кеткен көрінеді.

Қалай десек те Теректі әулие кешені өзіндік ерекшелігі мол, біздің ата мекеніміздің жəне осында өмір сүрген ежелгі бабаларымыздың өмірінен құнды деректер беретін аса маңызды ескерткіш екені даусыз. Тарихымыз бен өркениетіміздің  осындай  баға жетпес қазынасын аман-есен келешек ұрпақтарға аманат етіп қалдыру,  оның маңызын жастарымызға үнемі айтып дəріптеп отыру біздің, үлкендердің, ата-əжелердің үлесі деп ұйғардық.
Сөз соңында ардагерлерге туған өлкеміздің Теректі әулие сынды киелі де тарихи кешенін көріп қайтуға жағдай жасаған «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ басшысы Б.Ə.Баймұхановқа, Корпорация ЖШС жанындағы «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымының басқарма төрағасы Т.Н.Бүкіровке, «Ардагерлер кеңесі» Сəтбаев филиалының басшысы А.М.Мулаховқа, молдамыз Жұмабай Байтіков қажы мен жол жетекшіміз Садық Жанқұтовқа зор алғыс айтып,  Алла разы болсын дегіміз келеді .

Мұса ТІЛЕУОВ,

Теректі әулие сапарына барған

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

«Қазақмыс» корпорациясының

ардагерерлері атынан.

Бөлісу33Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру