Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Әлеумет

17558 оқушы демалыс  лагерьлерімен  қамтылады

Облыс әкімдігінде

02.06.2023
- Әлеумет
0
17558 оқушы демалыс  лагерьлерімен  қамтылады
113
БӨЛІСТІ
315
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылуда? Облыста сәулет және құрылыстан кеткен қателіктер. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен кезекті кеңейтілген аппараттық кеңестің күн тәртібіне, міне, осынау өзекті мәселелер шығарылды.

Ұлытау облысының білім басқармасы тарапынан балаларды жан-жақты дамытуға, сауықтыруға бағытталған әлеуметтік-психологиялық кеңістік құру мақсатында «Жазғы демалыс академиясы» жобасы әзірленген болатын. Жоба жайлы облыстық білім басқармасмының басшысы Сапура Түлекова кеңінен баяндады.

Жалпы, барлық бағыттар бойынша жазғы демалыстағы шаралармен облыстың 17558 оқушысы қамтылады және 122 млн. теңге қаражат қарастырылған.Аймақ басшысы бұл жолы да балалардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру керек екенін қадап айтты. Себебі, қалада мектеп жанынан ашылатын лагерлер ғана бар.

Сондай-ақ, қолайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан және ювеналды полиция мен мектепішілік есепте тіркелген 206 оқушы жазғы сауықтыру лагерьлері мен спорттық алаңдарына, «Жасыл ел» жасақтарына қамтылады. Күн тәртібіне шығарылған келесі мәселе туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Талғат Әлменов баяндады. Тексеру және құрылыс объектілеріне мониторинг жүргізу шеңберінде заңнама нормаларының бұзылуы анықталған.

Сондай-ақ, Қаражал қаласындағы бір үйден жарықшақ анықталса, Ұлытау ауданында «Өлкетану мұражайының құрылысы» және «Ұлытау ауылында кәріз желілерінің құрылысы» атты нысандардың құрылыс-монтаж жұмыстары  2019-2021 жылдары аяқталса да бүгінгі күнге дейін пайдалануға берілмеген. Бұл жұмыстардың барысын өңір басшысы зум платформасы арқылы байланысқа қосылып отырған қала, аудан әкімдерінен жауап алды. Кеңесте көтерілген мәселелердің барлығын облыс әкімі өзінің тікелей бақылауында ұстамақ.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу45Твитерге28

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • #ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ ОБЩЕСТВА

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА БОЛАШАҚ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру