Жексенбі, 18 Қаңтар , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мұқаба

12 үміткер грант иегері болды

09.09.2024
- Мұқаба
0
12 үміткер грант иегері болды
94
БӨЛІСТІ
261
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жастарды қолдап, өз кәсіптерін ашып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Жезқазған қаласының әкімдігі «Тәуелсіздік жастары» деген атпен арнайы байқау жариялаған болатын. Байқауға барлығы 40-қа жуық өтініш түсіп, комиссияның шешімімен 12 жоба іріктеліп, Жезқазған қаласы әкімінің грант иегерлері атанды.

Бұл жолы үміткерлер ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, кәсіпкерлік және медиа саласындағы жобаларын қорғады. Салтанатты жиында грант иегерлері арнайы көрме ұйымдастырып, өз жобаларын ұсынды.

– Жезқазған қаласының 70 жылдығы қарсаңында бүгін керемет іс-шараның куәсі болып отырмыз. Арнайы құрылған комиссия бірнеше күннен бері жобаларды саралап, сараптап, соның 12-сіне тоқтаған еді. Бүгін осы 12 жобаның иесіне қала әкімінің грантын салтанатты түрде табыстамақпыз. Ең басты үмітті сіздерге артамыз. Сіздер енді бүгін кішкентай жобаны тәй-тәй бастырып жатырсыздар, мұнымен тоқтамау керек. Алда мұнан да үлкен істер күтеміз, – деді қала әкімі Қайрат Шайжанов өз сөзінде.

Сонымен, Аслан Адамбаев, Аманкелді Әбілез, Құрмет Қожахметов, Ақниет Омарова, Алдияр Үкенов пен Индира Усембаева Жезқазған қаласы әкімінің грантына ие болып, 1 млн. теңгелік сертификатпен марапатталды. Сондай-ақ, лимонад өндірісімен Мадина Бухарбекова, лазер шеберханасымен Қайролла Хайдар және «Шырақ» ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған реабилитация орталығы жобасымен Бекзат Рымбекқызына 1 млн. 500 мың теңгелік сертификаты табысталды.

Бекзат Рымбекқызы 31 жаста. Жезқазған қаласының тумасы. Орталықты ашуға қазіргі таңда психиатриялық бұзылуы бар балалар санының артуы, маман тапшылығы, орталықтарда бос орындардың болмауы себеп болды дейді. Орталық адаптивті дене шынықтыру, сенсорлы интеграция дефектология, нейропсихология бағыттары бойынша жұмыс жасап, 1,5 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Қазіргі таңда 17 бала оңалтудан өтуде.

Салтанатты жиында сондай-ақ, 2 млн. теңгелік сертификатқа «Нуркидс» ана мен бала орталығының жетекшісі Шырынкүл Корбозова, Ұлттық нақыштағы заманауи бұйымдар өндірісінің негізін қалаушы Аяжан Шахаева және 11 қыркүйек күні ашылатын балет мектебінің жетекшісі Сая Садықова ие болды.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

 

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

19.04.2024
Табыс тасқындаған жыл

Табыс тасқындаған жыл

26.12.2025
Полицияның бір күні

Полицияның бір күні

16.01.2026
Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

16.01.2026
Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

16.01.2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру